• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 03 Маусым, 2021

Ішім өртеніп барады: Экс-шенеунік сотта соңғы сөзін айтты

2063 рет
көрсетілді

Ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған Қарағанды әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Шалабеков сотта соңғы сөзін айтты. Ол өзінің ұсталуын жаңсақтық екенін айтып, соттан істі объективті түрде шешуді сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске сала кетейік, Қарағанды ​​қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков 2020 жылы 14 қыркүйек күні ұсталған болатын.

Экс-шенеунік соттағы соңғы сөзінде қазір өміріндегі қиын кезеңдер өтіп жатқанын, сегіз айдан бері еркін демалып, ойлану мүмкіндігінен айырылғанын айтты. 

«Маған тағылған айып үшін ішім өртеніп барады. Өз еліне қызмет етуге лайық емес ұры мен жексұрын деген атақ. Барлық еңбек жолым сызылып кетті. Біраз жыл азаматтық құрылыс саласында істедім. Мемлекетке көмек керек кезде әйеліміз бен кәмелетке толмаған баламызды үйде қалдырып, алғашқылардың бірі болып Арыс қаласының тұрғындарына көмектестік. Мұстафин атындағы ауылда сел жүрген кезде жүздеген адам зардап шегіп, үйсіз қалды. Сол кезде құрылыс компаниясы аз уақыттың ішінде зардап шеккендерге ондаған үй салып берді. Әріптестерім қиын жағдайға тап болған адамдардың өтінішіне бей-жай қарамады. Ондай мысалдар көп», дейді Жақсылық Шалабеков.    

Жақсылық Шалабеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып 2019 жылы ақпан айында тағайындалған еді. Ал 2011-2019 жылдар аралығында қаланың құрылыс бөлімін басқарған. Шалабеков әкім орынбасары қызметінде архитектура, қала құрылысы, жаңа әлеуметтік объектілер мен тұрғын үй салу мәселелеріне жауап берген.