• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2021

Алматыда есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

237 рет
көрсетілді

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен ел аумағында Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткілердің ірі партияларын өткізуге қатысы бар трансұлттық есірткі құрылымының әрекетін ашып, жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылғы 24 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-қимылдары кешенін іске асыру процесінде қылмыстық иерархияда халықаралық есірткі тобын ұйымдастырушылардың бірі ретінде әрекет ететін, «мефедрон» есірткі құралының көтерме партияларын өткізумен айналысатын Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 1,3 кг синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, тауар ҚР-да жұмыс істейтін ірі Интернет-дүкендердің бірі арқылы жасырын қойылмаларды жүзеге асыра отырып, қатынассыз тәсілмен сатылғаны анықталды.

«Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қ. бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу материалдарын ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді», делінген ведомствоның мәліметінде.

Соңғы уақытта Алматының «қара нарығында» есірткі құралдарының ірі партияларын қолдан жасау мен жеткізу тоқтаусыз өсуде. Нақтырақ айтқанда, 2021 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымының 11 фактісінің жолын кесті, синтетикалық есірткі өндіру жөніндегі 5 жасырын зертхананың (оның ішінде біреуі Қырғызстан аумағында) әрекетін жойды.

Заңсыз айналымнан шамамен 190 килограмм есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 17 адам ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылды.