• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2021

Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған 152 шетелдік анықталды

156 рет
көрсетілді

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 152 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон полициясымен тұрақты негізде көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау үшін мақсатты пысықтаулар мен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

– Ағымдағы жылдың бес айында Павлодар облысының көші-қон қызметінің қызметкерлерімен 2 701 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 276 шетелдік және 2 425 ҚР азаматтары. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 152 шетелдік, 296 қабылдаушы тұлғалардың шетел азаматтарының болу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 30 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды, – деді Павлодар облысы Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Қазақстан Республикасында тіркеу ережелерін сақтамай тұрып жатқан 2 148-ден астам азамат анықталды, оның ішінде 2 090-ы ҚР азаматтары және 58-і шетелдіктер. Сотқа 92 іс жіберілді. 13 шетелдікке қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Жалпы сомасы 40 млн 151 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.