• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2021

Қостанай облысында білім бөлімінің басшысы өзіне қол жұмсады

875 рет
көрсетілді

Қостанай облысы Меңдіқара ауданындық білім бөлімінің бастығы Қалыбек Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ТоболИнфо» дерегінше, қайғылы оқиға бір күн бұрын Боровское ауылында болған. Қалыбек Жүгінісов 2 аптаға жуық үй қамауында болып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген екен. Оған сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылған. 2 маусымда әйелі Қостанайға кеткенде ол үйде жалғыз қалған. Кешке туыстары оны асылып қалған күйінде тапты.

«Қалыбек Байжанұлы Қызылорда облысының тумасы. Ол 2015 жылы Қостанай облысына келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметіне орналасты. Үш жыл бұрын ол аудандық білім бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Біздің ұжым оны қатты құрметтейтін. Өте жауапты адам болатын. Біз оның отбасына қайғыра көңіл айтамыз», деді Меңдіқара аудандық білім бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров.

Қалыбек Жүгінісовтің зейнетке шығуына үш жыл қалған еді. Оның артында әйелі мен үш ересек баласы қалды.