• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 03 Маусым, 2021

Ақмола облысының сот кеңсесіне бірқатар лауазым иесі тағайындалды

248 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық сотының онлайн өткен жалпы отырысында аймақ сотының төрағасы Досжан Әмір Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарына тағайындалған төрағаларды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» ҚР Президентінің 2021 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен:

– Зеренді аудандық сотының төрағасы қызметіне Қайрат Хасенов;

– Сандықтау аудандық сотының төрағасы қызметіне Лариса Сексенбаева;

– Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне Торқалы Бектұрсынов;

– Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметіне Азамат Аймұхамедов;

– Целиноград аудандық сотының төрағасы қызметіне Ажаргүл Шәмшінұрова тағайындалды.

Досжан Әмір тағайындалған төрағаларды құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Мемлекет пен халық алдында жүктелген жауапкершілік туралы еске салып, сот төрелігін сапалы іске асыруда заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуды жүктеді.