• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2021

Алматыда тау басында қалып қойған екі турист құтқарылды

326 рет
көрсетілді

2 маусым күні республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші пультіне Мыңжылқы тауында қиын жағдайда қалған адамдар туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, туристер Бастионға қарама-қарсы жартасқа көтеріліп өздігінен төмен түсе алмай қалған.

«Оқиға орнына жедел құтқару тобы аттанды. Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары шапшаңдығы мен кәcіби шеберлігінің арқасында зардап шеккендерді тез арада іздеп тапты. Олар 50 градус еңістегі жартаста шамамен 3500 метр биіктікте болған. Сондай-ақ оқиға орнына Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерлері де келді», деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Ол жаққа жету оңайға соқпаған. Жартастардан су ағып, үлкен тастар төменге қарай домалап, кей жерлерде қар мен мұз болған.

«Төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары альпинистік техниканы қолданып, барлық кедергілерді еңсере отырып, жастарды төмен түсірді», деді ведомствадан.

Құтқарылған қыз бен жігіт Шығыс Қазақстан облысының тумалары. Екеуі де қатты шаршаған әрі киімдері де мұндай бағытқа арналмаған.