Алматыда КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып, жеке үйлердің қоршауын қиратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық полиция департамантінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні түскі сағат 13:30 шамасында болған.
«Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі Енисей көшесімен шығыс бағытта келе жатып Папанин көшесінің қиылысында 2.4 (жол беріңіз) ережесін елемей Папанин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан КамАЗ-ға соғылды.
Салдарынан КамАЗ жүк көлігі жолдан шығып кетіп, екі үйдің темір қоршауы мен газ құбырының тірегіне соғылды. Аталған факт бойынша тексеру басталды», деді Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.