• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Парламент 04 Маусым, 2021

Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

189 рет
көрсетілді

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Бұл туралы Сенат спикері фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті достар! Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – елдік пен егемендікті дәріптейтін, ұлттың рухын асқақтатып, отаншылдық сезімін арттыратын айрықша мереке. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз Тәуелсіздігіміздің негізгі нышаны, мемлекеттілігіміздің басты белгісі. Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекеттік туды кеңінен қолдануға қатысты азаматтардың ұсынысына қолдау білдіргені белгілі. Соның нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданып, көк байрағымызды пайдалану аясы кеңейтілді. Мұның өзі тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы қадамдардың бірі екені сөзсіз. Ұлтты ортақ мүддеге ұйыстыратын мереке құтты да ұзағынан болсын. Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!», деп жазды Мәулен Әшімбаев.