• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Маусым, 2021

Ақтөбеде 7 жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті

260 рет
көрсетілді

Ақтөбе 7 жастағы бала бесінші қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«3 маусымда Батыс-2 ауданында көппәтерлі үйдің бесінші қабатынан 7 жастағы бала құлап кетті. Кәмелетке толмаған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде баланың анасы бірнеше минутқа дүкенге кеткен, ал бала ол кезде ұйықтап жатқан», деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов баланың тұрақты-ауыр халде екенін айтты.

«Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты-ауыр. Жансақтау бөлімінде бақылауда болып, ем алады. Есін біледі. Ол жабық ми жарақатын, өкпе, бүйрек, бауыр жарақаттарын алған. Оң жамбасында сынық бар, алайда балаға операция қажет емес», деді дәрігер.

Дәрігерлер балаларға мұқият болу керек екенін ескертті. Үйіңіздегі жиһаздар бала үшін қауіпсіз күйде орналасуы қажет. Себебі жазатайым оқиғаның көбі бала назардан тыс қалған кезде, жиһаз арқылы терезе алдына шығып алу салдарынан болады