• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2021

Павлодарда 54 заң бұзушылық анықталды

163 рет
көрсетілді

Биылғы бес айда Павлодар облысының Экология департаменті 25 тексеру жұмысын жүргізді. Оның 15-і – жоспарсыз тексеріс, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаланың экологиялық ахуалына алаңдайтын тұрғындар қою қара түтінді, заңсыз қоқыс орындарын және тағы басқа келеңсіз жайттарды сурет пен бейнеге түсіріп, экология департаментіне жолдауды, әлеуметтік желілерге жүктеуді дәстүрге айналдырған.

Сала мамандары сол дәлелдердің негізінде жоспарсыз тексеріс өткізуге құқылы. Облыстық экология департаментінің басшысы Ілияс Құрамысовтың сөзінше, сондай шағымдардың негізінде ірі сүт өңдеушілердің бірі – «Молком-Павлодар» ЖШС-не ескерту жасалып, 3,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Департаменттің сынақ зертханасы қазандықта тиісті өлшемдерді жүргізіп, ауаны ластайтын заттардың көлемі нормадан асқанын көрсетті», дейді І.Құрамысов.

Сол сияқты «Қазавтожол» ЖШС қазандығының шаң мен көмірсутек диоксидін шамадан тыс шығаратыны анықталды.

«Майкөбен-Вест» көмір кеніші де эмиссия көлемін тиісті нормадан асырды. Жалпы, жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңды тұлғалардан 100-ден астам және тұрғындардан 27 шағым түсті.

Соның нәтижесінде 54 заңбұзушылық анықталып, кәсіпорындарға 65 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Шығын көлемі 4 млн теңге болатын тағы 13 іс бойынша материалдар әкімшілік сотқа жолданды.