Елорда әкімі Алтай Көлгінов қазақстандықтарды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі құтты болсын! Айбынды Елтаңбамыз, аспан түсті Туымыз, асқақ Әнұранымыз – тәуелсіз мемлекетіміз бен ел халқының киелі құндылығы. Мемлекеттік рәміздерімізді дәріптеп, қастерлеу – баршамызға парыз. Қазақстан Республикасының рәміздері күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!», деп жазды елорда әкімі.