• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Маусым, 2021

Қырғызстанда әскери тікұшақ апатты жағдайда қонды, зардап шеккендер бар

304 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Чон-алай ауданында әскери тікұшақ құлады, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери тікұшақ апатты жағдайда қонды.

Ноокат жалпыдәрігерлік практика орталығы директорының орынбасары Ертабылды Көккөзовтың жедел мәліметтері бойынша, Ош облысы Ноокат ауданының Кичи-алай мекенінде тікұшақпен болған оқиға салдарынан адамдар зардап шекті.

«Оқиға орнына үш жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді. Зардап шеккендер стационарларға түскен кезде қосымша ақпарат беріледі», деп жазады Кабар.