• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2021

Атырау кәсіпкерлерінен Аshyq қосымшасына 314 өтініш түсті

Атырауда Ashyq жобасына қосылуға ниет білдірген кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қадіржан Оразғалиевтың айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының иелері  «Ashyq» қосымшасына қатысуға 314 өтініш беріпті.

«Қазір жобаға 196 нысан қосылып, 264-і QR код алды. Ал, 68 нысан сынақ режимінде жұмыс істеуді бастады. Карантиндік шектеу шараларын бірнеше рет бұзған 3 кәсіпкерлік нысаны жобадан 2 аптаға шеттетілді. QR код арқылы «қызыл» санаттағы 20 азамат анықталды. Бұлар – коронавирус инфекциясымен келушілер. Сондай-ақ, қауіпті вирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болған «сары» санаттағы 21 азаматқа түсіндіру жұмысы жүргізілді», дейді Қадіржан Оразғалиев.  

Соңғы жаңалықтар