• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2021

БҚО әкімі боксшы Даниял Сәбитке пәтер сыйлады

548 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Сәбитке Орал қаласынан бір бөлмелі пәтер сыйлады деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақында ғана Дубайда өткен Азия чемпионатында ел намысын қорғаған Даниял Сәбит пен мамыр айында Лас-Вегаста өткен америкалық UFC турниріне қатысып, жеңіске жеткен аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұловты қабылдаған Батыс Қазақстан облысының әкімі жас спортшыларды жеңістерімен құттықтап, ақ жол тіледі.

«Мен Даниялдың жекпе-жектеріне қызыға қарап, қадағалап отырдым. Ол халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысып, мол тәжірибе жинады деп ойлаймын. Күміс медаль иегері болу оңай емес. Бұл – үлкен дәреже, үлкен жеңіс. Жерлесіміз Данияр Елеусіновтің ересектер арасындағы жеңісті жолын 15 жылдан соң Даниял жалғап отыр. Боксқа келген екі жылдың ішінде қайсарлығы мен жігері арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Даниял, сен жай боксшы емессің, жолыңды қуып келе жатқан жастарға үлгі боларлық спортшысың. Жеңісті күндерің көп болсын», деді өңір басшысы.

18 жасар боксшы облыс әкімінің қолынан 1 бөлмелі пәтердің кілтін алды. БҚО бокс федерациясының предиденті Бауыржан Каримов жас спортшы мен бапкері Саттар Сұлтанғалиевке 2 және 1 млн теңгенің сертификатын табыс етті.