Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 5 маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні екенін еске салып, Қазақстан экологиялық мәселелерде нақты нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы алдағы он жылды экология жүйесін қалпына келтіруге арнамақ. Қазақстан табиғатты қорғауға баса мән береді. Біз «жасыл бастамаларды» жүзеге асырып, нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін», деді Президент.