• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Маусым, 2021

Қазақстан мен Польша арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады

184 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 мамырдағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Польша арасындағы тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтіріледі.

«10 маусымнан бастап Варшава және Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы рейстер аптасына 1 рет жиілігімен «LOT Polish Airlines« поляк әуе компаниясымен қайта жаңғыртылады деп жоспарланып отыр.

Варшава – Нұр-Сұлтан – Варшава алғашқы рейсі осы жылдың 10 маусымында орындалады.

Бұдан әрі екі мемлекеттің астаналары арасындағы рейстер дүйсенбі сайын B – 737 типті әуе кемесінде орындалатын болады», делінген хабарламада. Қазақстан мен Польша арасындағы рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жасалады.