• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Маусым, 2021

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шешілді - ҰҚК

299 рет
көрсетілді

Қырғыз-тәжік шекарасындағы мәселе шешімін тапты, эвакуацияланған тұрғындар ауылдарға оралады. Бұл туралы журналистерге Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ташиевтың айтуынша, кеше тәжік тарапымен келіссөздер нәтижесіз өтті. Сондықтан қырғыз билігі Ош облысының Чон-Алай ауданының бірнеше ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуациялауды ұйғарған.

«Кеше біз Тәжікстанның шекара маңындағы мәселелер жөніндегі мемлекеттік комиссиясының басшысы генерал-полковник Саймумин Ятимовпен келіссөздер жүргіздік. Кешегі келіссөздер нәтижесіз болды, сондықтан біз тұрғындарды эвакуациялауға мәжбүр болдық. Бүгінгі кездесу Бішкек уақыты бойынша сағат 13.00-де аяқталды. Мәселе оң шешімін тапты деп айта аламын. Біз бірлесіп 7-8 тармақтан тұратын хаттама қабылдадық. Екі сағатта оларды жариялаймыз», деді Қамшыбек Ташиев.

Ол қырғыз әскерлерін шығару, сондай-ақ эвакуацияланған тұрғындарды үйлеріне қайтару бойынша бұйрық шығаратынын айтты.

«Біз қол жеткізген уағдаластықтарды бұзбадық және алдағы уақытта да бірлесіп қабылданған келісімдер шеңберінде әрекет етеміз», деді Қырғызстан МҰҚК басшысы