• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Маусым, 2021

Ақтау - Нүкіс және Алматы - Наманган әуе рейстері ашылды

518 рет
көрсетілді

Қазақстаннан Ақтау - Нүкіс, Алматы - Наманган, Нүкіс - Ақтөбе - Мәскеу және Самарқан - Ақтөбе - Санкт-Петербург жаңа әуе рейстерін ашуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қазақстан аумағында коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасында жазылды.

7 маусымнан бастап Өзбекстанмен Ақтау - Нүкіс және Алматы - Наманган бағыттарына әр тараптан аптасына екі рейс жиілікпен тұрақты рейстер ашуға рұқсат етілді.

Халықаралық рейстерді SCAT әуекомпаниясы орындайды:

Нүкіс - Ақтөбе - Мәскеу, аптасына екі рейс;

Самарқан - Ақтөбе - Санкт-Петербург, аптасына екі рейс.

Бұған дейін SCAT әуекомпаниясы Ақтау - Үргенш рейсін іске қосқан болатын. 8 маусымнан бастап «Эйр Астана» мен Uzbekistan Airways әуекомпаниялары Алматы - Самарқанд рейсін аптасына 4 рет жиілікпен орындайды.