• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Маусым, 2021

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім жасады

116 рет
көрсетілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде қалдыруды ұйғарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,00 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім жасады. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,00 пайыз және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,00 пайыз болады.

Шешім қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция тәуекелдерінің теңгерімін ескере отырып қабылданды. Қазақстанның негізгі сауда әріптестері саналатын елдерде әлемдік азық-түлік бағаларының өсуіне және инфляцияның жеделдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық қысымның сақталуы байқалады.

Ішкі экономикада іскерлік белсенділік пен тұтынушылық сұранысты біртіндеп қалпына келтіру процесі жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, орта мерзімді перспективада Казақстандағы инфляцияның негізгі тәуекелдері экономиканы барынша күшті фискалдық ынталандырумен, ЖЖМ-ге ішкі бағалардың одан әрі өсуімен, әлемдік нарықтардағы бағалардың ұлғаюы нәтижесінде барынша жоғары азық-түлік инфляциясымен және ішкі азық-түлік нарығында теңгерімсіздіктің туындауымен, сондай-ақ дамыған елдердің орталық банктерінің ынталандыруды тоқтатуымен байланысты болды.