• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Маусым, 2021

Оралда 7 жастағы бала үшінші қабаттан құлап кетті

339 рет
көрсетілді

Оралда жеті жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 маусым күні сағат 21.06-да Зачаган кентінде болған.

Бірлік көшесі, 13-үйде пәтерлердің бірінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2014 жылы туған бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл туралы хабар сағат 22.30-да түскен.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, оған қоса бұғанасы сынып, кеуде тұсы көгерген бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір травматология бөлімшесінде жатыр, жағдайы орташа», деп хабарлады ведомстводан.

Жыл басынан бері өңірде көпқабатты үйлердің терезесінен 5 бала құлап, біреуі көз жұмды. БҚО ТЖ департаменті балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ата-аналардың есіне салады.