Атырауда инфекциялық стационарлардағы науқастардың отызы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жансақтау бөліміне түскен 30 науқастың 6-уы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 397 науқас ем алып жатыр. Стационарларда 2 098 төсек-орын бар. Қазір мұндағы жүктеме 18,9%-ды құрап отыр. Ал 81 төсек-орны бар жансақтау бөліміне 30 науқас емделуде. Бұл бөлімдегі жүктеме – 37,0%», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.