• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Маусым, 2021

Сүйіктісін 20 рет пышақтаған қылмыскер сотталды

378 рет
көрсетілді

Қарағандыда жанжал кезінде бұрынғы сүйіктісіне 20 рет пышақ сұққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 23 жастағы тұрғынға адам өлтіруге оқталды деген айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Айыпталушы сотта кінәсін мойындамады. Оның қорғаушысы соттан бапты қайта саралауды сұрап, айыпталушының адам өлтіру ниеті болмағанын айтты.

Судья Бекзат Шалғымбаев іс бойынша жиналған материалдарды зерттеп, сотқа қатысушыларды тыңдап, сотталушыны 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы мен оның қорғаушысы Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген.

Айта кетейік, оқиға былтыр қазанда болған. 23 жастағы ер адам жәбірленушіге шабуыл жасап, оған пышақ жарақатын салған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен қылмыскер қарашада ұсталып, қамауға алынды.