• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2021

Халық санағын жүргізгендерге қанша жалақы төленеді?

366 рет
көрсетілді

Облыстық статистика департаментінің басшысы Галя Мұханғалиеваның ақпаратына сүйенсек, халық санағын жүргізетін персоналға 146,6 млн теңге жалақы төлеу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірде халық санағын өткізу үшін республикалық бюджеттен 193 млн теңгеден астам қаржы қаралған екен.

«Биыл аталған қаржының 168,8 млн теңгесі бөлінді. Оның 146,6 млн теңгесі санақ персоналына жалақы ретінде төленеді», дейді Галя Аманғалиева.

Оның айтуынша, облыста халық санағын жүргізетін персональ құрамына 207 адам тартылып, олар жеке қорғаныш құралдарымен қамтылған.

«Атырау қаласы әкімдігі ұлттық халық санағын жүргізетін адамдарға қолдау көрсеткелі отыр. Бұл – санақшылардың шаһар аумағында қатынайтын қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдігі», дейді Г.Аманғалиева.