Алматыда «Келімсек» іс-шарасы кезінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды. Ол кәмелетке толмаған баланы қорлады деген күдікпен іздеуде жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық көші-қон қызметіне сілтеме жасап.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қалалық криминалдық полиция қызметкерлері біздің бөлімнің өкілдерімен бірге Тәжікстан Республикасының азаматы, Гиссар қаласының тұрғыны - 1995 жылы туған М. есімді азаматты ұстады. Ер адам 2017 жылдан бері Гиссар аудандық ІІМО-мен Тәжікстан Республикасының ҚК-нің 141-бабы 2-бөлігі - кәмелетке толмағандарды қорлау бойынша қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны анықталды. Ұсталған адамды экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі», деді Алматы қалалық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.