Қытайда 3 пен 17 жас аралығындағы балалар үшін тағы бір вакцинаның қауіпсіздігі дәлелденді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синофарм компаниясының препараты Қытайда арнайы клиникалық сынақтан өткен.
Сондай-ақ Хэбэй провинциясында коронавирус індеті өршіп кеткен кезде 3 жастан асқан 60 мың жеткіншекке екпе салынды. Сонда вакцина жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Бұл Қытайда төтенше жағдайда балаларға қолдануға рұқсат етілген екінші препарат. Алайда азаматтардың осы тобын вакциналаудың нақты жоспарын денсаулық сақтау министрлігі құрады.
Әзірге ересектерге екпе салуға басымдылық беріліп отыр. Бүгінгі күнде Қытайда 800 миллионға жуық екпе салынған.