• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Маусым, 2021

Елордада 37 мотоцикл жанып кетті

Елордада мотоцикл сататын дүкеннен өрт шығып, 37 көлік жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«8 маусым күні сағат 11:54-те елордалық өрт сөндірушілер Герцен көшесінде орын алған өртті сөндіруге шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті. Сағат 12:02-де мотоцикл сататын дүкеннің іргелес аумағында 15 шаршы метрде 36 дана мотоцикл мен 1 дана қарда жүретін техниканың жанып жатқандығы анықталды», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілді. Сөндіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылған.

«Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екендігін ескертеді», дейді ТЖМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар