• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2021

Индонезияда коронавирус жұқтырған науқастар изоляторларға жатады

157 рет
көрсетілді

Индонезия астанасында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар үшін жаңа изоляторлар пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел астанасының губернаторы Аниес Басведан коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарға арналған изоляторлардың санын көбейтті.

Джакартада үшеуінің орнына 29 изолятор пайда болды. Губернатордың қаулысына сәйкес, Джакартада науқастарға арналған 29 орын және медицина қызметкерлеріне арналған алты арнайы орын қарастырылған.

Ғимараттар жалпылай алғанда, 8 мыңнан астам науқасты қабылдай алады. Медициналық қызметкерлерге арналған үй-жайлар 835 адамға қызмет көрсете алады.