• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2021

СҚО-да өртенген үйдің ішінен ер адамның денесі табылды

313 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 маусым күні М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Сағат 17:00 шамасында 101 қызметіне Чкалов көшесіндегі 38 үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен. Өрт жатын бөлмеден шығып, баспананың қабырғаларына, жиһазға зақым келді.

Үйіндінің астынан сол үйдің иесі – 1972 жылы туған ер адамның денесі табылды. Ер адам ішімдікке жақын болған. Алдын ала болжам бойынша, керуетте жатып, шылым шегуі мүмкін.

«Бұл үйде 26 мамыр күні де өрт шықты. Салдарынан баспананың және қора-қопсының шатыры жанып кетті. Өрт сол жолы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан еді», дейді облыстық ТЖД басқармасының басшысы Дмитрий Растихин.