Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясының тұрғыны 37 жастағы Госиаме Тамара Ситол бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жүктіліктің ерте кезеңінде дәрігерлер УДЗ-де алты баланы көрген. Біраз уақыттан кейін келесі ультрадыбыстық зерттеуден соң олар құрсақта сегіз нәресте бар екенін хабарлайды.
Алайда 7 ай 7 күнде Тамара Ситол он баланы дүниеге әкелді – жеті ұл және үш қыз. Мұндайға акушерлер де, ата-ананың өзі де таңғалған.
Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер алдағы айларды инкубаторда өткізеді.
Бұдан бөлек ерлі-зайыптының алты жасар егізі бар екені хабарланды.
Еске сала кетейік, бір уақытта дүниеге келген балалар саны бойынша алдыңғы рекорд Мали тұрғынына тиесілі еді. Ол бірден 9 бала босанған.