Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев Ролан Гаррос турнирінің жұптық бәсекесінде жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстандық жұп Франция ашық чемпионатының ширек финалында монаколық Хьюго Нис пен германиялық Тим Пюцпен күш сынасты. А.Бублик пен А.Голубев матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Кейіннен жерлестеріміз тағы бір брейк жасап, есепті 5:2-ге жеткізді. Бұдан кейін монаколық-германиялық жұп есепті қысқартқанымен, сет қазақстандықтардың еншісінде кетті – 6:4. Жерлестеріміз екінші сетте де 2:0 есебімен алға шығып алды. Матч соңына дейін осы басымдықты сақтап қалған қазақстандық жұп кездесуді сәтті аяқтады – 6:4. Бәсеке 1 сағат 16 минутта аяқталды. А.Бублик пен А.Голубев финалға шығу үшін испаниялық Пабло Андухар және Педро Мартинеспен шеберлік байқасады.
Сонымен қатар Елена Рыбакина да жұптық сында турнирдің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда америкалық Николь Меличар мен нидерландтық Деми Схюрсті 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, жарыстың төртінші айналымында ойнауға мүмкіндік алды. Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалға өту үшін Польша өкілі Магда Линетт пен америкалық Бернарда Перамен шеберлік байқасады.