• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Бизнес 09 Маусым, 2021

ШОБ-тің төрттен бір бөлігі пандемияның зардаптарынан қалпына келмеуі мүмкін

202 рет
көрсетілді

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутованың пайымдауынша, 2021 жылдың күзінде Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қанша пайызы және қандай сегментінің пандемиядан ес жиғаны белгілі болады, деп жазады Egemen.kz.

«Пандемияға дейінгі жұмыс істеген ШОБ-тің 25 пайызы ес жиса, біз соған қуануымыз керек. Менің ойымша, күзге қарай бизнестің қай сегментінің тіршілікке бейімді екені белгілі болып қалады. Пандемия екінші деңгейлі банктер портфеліне қалай әсер еткені содан кейін айқындала түседі», деп санайды Елена Бахмутова.

Ұлттық банктің дүйсенбіде жарияланған жаңартылған болжамына сәйкес, Қазақстан экономикасының өсу деңгейіне қарай қайта қаралды. 2021 жылы экономикалық өсу 3,6-3,9% деңгейінде, 2022 жылы 4-4,3% аралығында күтілуде.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында ЖІӨ өсу қарқыны оң аймаққа 2020 жылдың наурызынан бастап алғаш рет еніп, 0,7% құрады.

2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ 2,6% төмендеді.