• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Білім 09 Маусым, 2021

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті QS 2021 рейтингінде

2185 рет
көрсетілді

Халықаралық рейтинг агенттігі Quacquarelli Symonds (QS) 2021 жылғы әлемнің ең үздік университеттерінің рейтингсін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқауға ұсынылған нәтижелер бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 482-ші позицияны алды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 8 позицияға жоғарылаған. Рейтингке қатысқан Қазақстанның 14 жоғары оқу орындарының ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 3 орынға ие болды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет 2012 жылдан бастап QS әлемдегі ең беделді университеттер рейтингісіне қатысып келеді және соңғы бес жыл ішінде негізгі көрсеткіштер жақсырып келеді. Бұл оқу орнындағы білім беру сапасының  жақсарғанының дәлелі , сондай-ақ ОҚМУ  әлемдік білім кеңістігінің жоғары стандарттарына сай келетінінің көрінісі.