• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Маусым, 2021

Шу ауданында учаскелік полицейді пышақтап кетті

199 рет
көрсетілді

Шу ауданында тұрғын учаскелік полиция инспекторына бірнеше пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 маусым күні сағат шамамен 22.50-де Шу ауданының 37 жастағы тұрғынынан Шу аудандық полиция бөліміне шақырту түскен. Әйел азаматтық некедегі күйеуімен арасында жанжал болғанын хабарлаған.

Шақырту бойынша оқиға орнына барған учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы ер адам бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкері Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

«Дерек бойынша «Сирена-1», «Тосқауыл» жоспарлары жарияланып, іздестіру жұмыстарына Полиция департаменті және Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ізін суытпай Шу ауданының Алға ауылынан ұсталды. Оның жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Ер адам Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook-парақшасында.

ҚР ҚК-ның 380-1-бабы, 1-бөлігі «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.