Маңғыстау облысының 300-ге жуық кәсіпкері «Ashyq» жобасының қатысушысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ashyq» жобасы Маңғыстау облысының аумағында 21 сәуірден бері жұмыс істеуде.Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 320 кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 299-ы QR-кодтарды жүктеген. Тағы 58 нысан аталмыш жоба аясында тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.Жобаға қосылған нысандар кәсіпкерліктің барлық салаларын қамтиды.Айта кетейік, бағдарлама енгізілген сәттен бастап өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда «сары» статусы бар 6 адам және «қызыл» статусы бар 17 адам анықталған.