Медициналық жүктің жеткізілуі туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Кеше ГамКовидВак (Спутник V) вакцинасы қабылданды. Бірінші компонентінен – 12 150 доза, екіншісінен – 25 435 доза келді», делінген хабарламада.
Басқарманың мәліметінше, 1 ақпаннан бері облысқа вакциналардың бірінші компонентінен 125 295 доза және екінші компонентінің 99 750 дозасы жеткізілген. «Спутник V» бірінші компонентінен 103 295 доза және екінші компонентінен 77 750 доза әкелінді. Qazvac вакцинасының бірінші және екінші компоненттерінен 2000 дозадан, Hayat-Vax вакцинасының бірінші және екінші компоненттерінен 20 мың дозадан келген.Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы маусым айының ортасына дейін облысқа «Спутник V» бірінші компонентінен 50 мың доза жеткізіледі, деп хабарлаған болатын.Сондай-ақ басқарма басшысы павлодарлықтар вакцинаның екінші компонентін 21 немесе 45-ші күні алатынын өздері таңдай алатындығын айтты.