• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2021

Ресейдегі кісі өліміне күдікті өзбекстандық Алматыда ұсталды

265 рет
көрсетілді

Алматы қалалық көші-қон қызметінің мәліметінше, елге тіркелуге келген 32 жастағы Өзбекстан азаматы көші-қон қызметтері орталығында ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы жүргізілген өтініш берушінің жеке басын тексере келе біздің бөлім қызметкерлері С. есімді азаматтың 2015 жылдан бастап Ресейдің Астрахан облысы бойынша ІІМ-де РФ ҚК-нің 105 бабы, 1 бөлігі - кісі өлтіру қылмысы үшін іздеуде екендігін анықтады. Қалалық криминалдық полиция қызметкерлерінің көмегімен күдікті ұсталды. С. есімді азамат Өзбекстаннан Алматыға жұмыс істеуге келген», деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.