Қазақстандық гимнаст Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Азия чемпионатында ұршық жаттығуы бойынша 24.00 ұпайын еншіледі. Ал Өзбекстан өкілі Тахмина Икрамова екінші орыннан көрінсе, қытайлық Ятинг Жао үздік үштікті қорытындылады.