• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Маусым, 2021

Азық-түліктің қымбаттауы рекордтық көрсеткішке жетті

583 рет
көрсетілді

Әлем бойынша азық-түліктің қымбаттауы соңғы 10 жылдың рекордтық көрсеткішіне жетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азық-түлік бағасының өсуі бүкіл әлемде байқалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы құрылымының деректеріне сәйкес, биылғы мамыр айындағы бағалар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ке өскен. Бұл соңғы 10 жылдың рекордтық көрсеткіші болып отыр», деді Сауда министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бағаның қымбаттауы көршілес елдерде де байқалады. Мәселен, Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда көптеген тауарлар бойынша баға өсімі төмен.

«Өкінішке орай, әлемдік нарық бізге де әсер етті. Бірақ, бізде ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігіне әкелетін қосымша проблемалар байқалады», деді Бақыт Сұлтанов.