Бүгін, 11 маусымға қараған түні қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман «Сұңқар» Оспанов (11-3) америкалық Professional Fighters League промоушеніндегі бірінші айқасын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Атлантик-Сити қаласында өтетін PFL 4 турнирінде Арманның қарсыласы Крис Уэйд (18-6) болады. «Лонг-Айлендтен шыққан баскесер» лақап атты америкалық спортшы 2014 пен 2017 жылдары UFC-де өнер көрсеткен.
Трансляцияның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 05:00.
Еске салайық, Арман соңғы рет шаршы алаңға наурызда шығып, бірінші раундта ресейлік Расул Мирзаевты (18-3) нокаутқа түсірген. Уэйд болса сәуірде жұдырықтасып, франциялық Энтони Дизиді (13-4) төрешілер шешімімен жеген.