• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Маусым, 2021

Қарағандыда ер адамның неден көз жұмғаны анықталды

652 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының Полиция департаменті «Горняк» базарында ер адамның өлімі бойынша тағайындалған сот-медициналық сараптама қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, өлім электр тогының соғуы салдарынан болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«9 маусымда орын алған жазатайым оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК 306-бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің өлімі электр тогының соғуы салдарынан болғанын анықтады», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ қала әкімдігі журналистердің «Осы учаскеде қандай да бір жөндеу жұмыстары жүргізілді ме?» деген сұрағына да жауап берді.

«Бүгінгі таңда әлеуметтік павильон аумағында (Горняк аялдамасы) автомобиль жолының оң жағында мердігер ұйым ешқандай жұмыс жүргізбеді. Сондай-ақ павильон мен жол төсеу жобасы арасында электр кабельдері табылмады», деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, жергілікті саудагерлердің (куәгерлер) сөзінше, ер адамды ток соққаннан соң жерге көміп тастаған. Кейіннен ашық жатқан сымдардың үстіне саудагерлер ағаш тасып, жамап қойған.