• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Маусым, 2021

Душанбе Өзбекстан Президентін ресми түрде қарсы алды

160 рет
көрсетілді

Душанбедегі «Касри Миллат» резиденциясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті ресми түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеп, екі елдің мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Содан кейін президенттер ресми делегациялардың мүшелерін бір-бірімен таныстырды. Құрметті қарауыл екі мемлекет басшыларының алдында жүріп өтті.

Салтанатты рәсімнің соңында Шавкат Мирзиёев пен Эмомали Рахмонның жеке кездесуі басталды, оның барысында көшбасшылар өзбек-тәжік стратегиялық серіктестігі мен сан қырлы өзара іс-қимылдың барлық спектрін егжей-тегжейлі қарастырып, сындарлы саяси байланысты одан әрі тереңдетуге ерекше назар аударды. Әңгіме кезінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту тақырыптары сөз болды.

Орталық Азиядағы қауіпсіздікті, тұрақтылықты және тұрақты дамуды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық және аймақтық құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Шавкат Мирзиёев шақырғанына және жылы шырайда қарсы алғаны үшін әріптесіне ризашылығын білдіріп, бүгінде өзбек-тәжік қатынастары бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да бұл сапардың маңызы зор екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, Мирзиёев Эмомали Рахмонды Өзбекстанға шақырды.