• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Маусым, 2021

Бағдадтың халықаралық әуежайына шабуыл жасалды

226 рет
көрсетілді

Ирак астанасы Бағдадтың халықаралық әуежайына дрондар шабуыл жасады. Бұл туралы үкіметшіл «Қауіпсіздік медиа желісі» хабарлады, деп жазады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, үш дрон болған. Құрбан болғандар мен қираған нысандар жайлы ақпарат әлі хабарланған жоқ. 

Бағдад әуежайы аумағында американдық әскерлер орналасқан әуе базасы да бар. 

Хабарламада да осы оқиғадан кейін көп ұзамай Ирактың Салах-ад-Дин провинциясындағы Балад авиабазасында да осыған ұқсас жағдай болғаны туралы және шабуыл нәтижесінде ешкім зардап шекпегені айтылды.