Қызылқоға ауданы әкімдігінің ақпаратына қарағанда, балықтың қырылғаны бүгін, 10 маусымда Сағыз ауылдық округінің аумағындағы Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсында анықталып отыр.
«Балық өлген жердегі су көлемі –100 метр. Ал, өлген балық мөлшері – 150 келі. Негізінен балықтың майда шабақтары қырылған. Қазір құзырлы органдар арқылы сынамалар алынды. Өлген балық шабақтары мен судың сынамасы Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалына жіберілді. Зертханалық тексеру қорытындысы осы аптада белгілі болады», деп хабарлады Қызылқоға ауданының әкімдігінен.