Біреудің телефонын тауып алып, оның атынан екі миллион теңгеден астам сомаға екі несие рәсімдеген қарағандылық ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 мамырда 46 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне ұялы телефонын жоғалтқанын хабарлады. Біреу оның ұялы телефонын пайдаланып, екі миллионнан астам теңгеге екі несие рәсімдеген.
Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
9 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындаған, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.