• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Маусым, 2021

Елдегі 50 ірі кәсіпорын экологиялық стандартқа көшіріледі

232 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелеріне салықтық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау үшін Қылмыстық кодекске түзетулер әзірлені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп салықтық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау жөніндегі жұмыс шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері пайда болатын ірі және аса ірі залал шектерін өзгерту бөлігінде жұмыс жүргізді және Қылмыстық кодекске түзетулер әзірледі.

Өзгерістер салық заңнамасын шамалы мөлшерде бұзуға жол берген салық төлеушілерді есептелген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасымен салыстырғанда қылмыстық қудалау шеңберіне тарту тәуекелін болдырмауға бағытталған», деді Мұхтар Тілеуберді.

Аталған шарада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі елдегі 50 ірі кәсіпорын экологиялық стандарттарға сай технологияларға көшірілетінін айтты.