• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Маусым, 2021

Орал қаласында төрт жасар қыз терезеден құлап кетті

1171 рет
көрсетілді

Оралда төрт жасар қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға бүгін сағат 18.04-те Алматы көшесі 109/1-мекенжайында орналасқан 5 қабатты үйде болған.

Ата-анасының қарауынсыз қалып, төртінші қабаттан құлаған қыз бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Мұрны сынып, ішінен де жарақат алған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 18.04-те шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде жатқан қыздың жағдайы тұрақты.