• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2021

Атырауда жүргізуші бір отбасының 4 адамын қаққан

5313 рет
көрсетілді

Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 31 мамырда Мақат ауданындағы Доссор кентінде болған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түнгі сағат 01:10 шамасында 1988 жылы туған жүргізуші «Toyota Sequoia» көлігімен жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 жылдары туған төрт жүргіншіні қағып кеткен. Алайда, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Осы жол-көлік оқиғасына байланысты  жүргізілген жедел іздестіру-тергеу амалдарының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.