• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Маусым, 2021

11 маусымға арналған ауа райы болжамы

724 рет
көрсетілді

Синоптиктер 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбырмен бірге найзағай болады, еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығысында  шаңды дауыл болады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл, бұршақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысында да дауыл соғып, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында дауыл, бұршақ болып, желдің екпіні 25 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе, түнде Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

«Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», делінген хабарламада.