Қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) Professional Fighters League (PFL) промоушеніндегі бірінші жекпе-жегінде америкалық Крис Уэйдтен (19-6) жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Атлантик-Ситиде өткен PFL 4 турниріндегі айқас екінші раундта нокаутпен аяқталды. Арман қарсыласын нокдаунға түсіріп үлгерген, алайда бірер сәттен соң америкалық қарымта шабуылда Оспановты нокаутқа түсірді.
Осылайша, Арман Оспанов Америкадағы алғашқы айқасында жеңілді. Ол мансабында төртінші рет жеңіліп отыр.