• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Президент 11 Маусым, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы деректі фильм жарық көрді

1412 рет
көрсетілді

«Хабар» агенттігі Қазақстан Республикасының Президенті - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев туралы «Преодоление» атты екі бөлімнен тұратын деректі фильм ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фильмде Тәуелсіз Қазақстанның екінші Президентінің жеке тұлға болып қалыптасу тарихы баяндалады және оның саяси жолы көрсетіледі.

Бірінші бөлім Мемлекет басшысының өмірбаянындағы қызықты фактілерге арналған. Екінші бөлімде көрермен саяси қызметтің тиімділігін бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік аренадағы еңбегі мен беделі туралы біле алады.

«Преодоление» деректі фильмінің бірінші бөлімін 11 маусым күні, яғни бүгін 21:30-да, екінші бөлімін 12 маусым күні сағат 22.00-де «Хабар» телеарнасынан тамашалай аласыздар. Ал 13-ші маусым жексенбі күні сағат 22.00 мен 22.40-та екі бөлімнің де қайталауын көруге болады.